Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Алматыға мемлекеттік сапарына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

13.10.2026 18:00
пресс-служба акима Алматы

Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың Алматыға мемлекеттік сапарына байланысты 14 қазанда жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібіне уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Сапар аясында Қазақстан мен Бельгияның ресми делегациялары, сондай-ақ іскерлік және академиялық орта өкілдері қатысатын бірқатар іс-шара өткізу жоспарланған.

Ресми іс-шаралардың өтуіне байланысты 14 қазанда Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысындағы өзгерістерді ескеріп, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады

Толық көрсету