Алматыда жыл басынан бері балабақшаларда 3,6 мыңнан астам жаңа орын ашылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылдың басынан бері Алматыда 46 жаңа балабақша ашылып, балалар үшін 3 627 қосымша орын құрылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл кезеңде 730 орындық 4 мемлекеттік балабақша және жалпы сыйымдылығы 2 897 орын болатын 42 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмысын бастады.

Бүгінде Алматыда 1 098 балабақша жұмыс істейді. Оларға 87 мыңнан астам бала барады.

Жыл соңына дейін тағы 16 мектепке дейінгі ұйымды – 5 мемлекеттік және 11 жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр. Бұл екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту деңгейін 96,6%-ға дейін жеткізіп, кезекті едәуір қысқартуға мүмкіндік береді, деп мәлімдеді қалалық Білім басқармасының өкілдері.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданы тұрғындарға жайлы бола түсті