Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді
Алматыда телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Цифрландыру басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Алматы XGSPON технологиясын Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала атанды.
Қазіргі уақытта жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.
2026 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 10 мың көпқабатты тұрғын үйді қосу, кіреберістерге 40 мың бейнекамера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарланып отыр.
Шаһарда 1 мыңнан астам қоғамдық Wi-Fi нүктесі жұмыс істейді. Қала бойынша 900-ден астам 5G базалық станция орнатылған. 11 метро бекетінің барлығы жаңа буын мобильді байланыспен қамтылған.
Оқи отырыңыз: Алматы жарты жылда 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартты