Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс сүріліп жатыр
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосалқы салынған нысанды сүру жұмыстарының басталғанын айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды рұқсатсыз салғаны анықталды.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес, бұл қосалқы құрылысты бұзу керек.
Бүгін қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Оқи отырыңыз: Алматыда арықтарды жаңғырту жұмыстары басталды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
05.11.2026 11:15