Жыл соңына дейін «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады
Алматыда 2024 жылдың соңына дейін 2022 жылы іске қосылған бірыңғай видеомониторинг жүйесінің (БВМЖ) 50 мың видеокамерасы қосылатын болады. Бұл туралы мегаполистің цифрландыру басқармасы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жыл басынан бері қазіргі уақытқа дейін қала әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен шығарылған 15 мың камераны ескере отырып, 45 мың камера қосылды, ал 2025 жылға қарай бұл сан 70 мыңға дейін артады. Видеожазбалар 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардан алынды.
Сонымен қатар Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің (АБК) 300 камерасы орнатылған. Осылайша, бүгінде 1 641 АБК жұмыс істейді.
Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін 71 денсаулық сақтау объектісінің аумағында «Қауіпсіздіктің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру аяқталады.