Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

18.02.2026 11:23
пресс-служба акима Алматы

2025 жылы Алматыда жастар саясаты жөніндегі көзделген іс-шаралар 2025–2026 жылдарға арналған жоспар аясында толық орындалды. Құжат 59 бағытты қамтиды — жұмыспен қамтуды қолдау мен әлеуметтік көмек көрсетуден бастап тұрғын үй бағдарламаларына және жастарға арналған қалалық инфрақұрылымды дамытуға дейін. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар үлесі 0,6%-ға төмендеп, 2024 жылдың соңындағы 6,4%-дан 5,8%-ға дейін азайды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі де 2024 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға төмендеп, 4% болды. 2025 жылы 24,4 мың жас жұмысқа орналастырылды. Салыстырмалы түрде айтқанда, 2024 жылы – 20,1 мың, ал 2023 жылы – 15,6 мың жас жұмыспен қамтылған.

Қазіргі таңда Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 712,3 мың жас тұрады, бұл қала халқының 32%-ы. Оның ішінде 455,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылған.

Алматы елдегі ең ірі студенттік орталық мәртебесін сақтап отыр: қалада 35 жоғары оқу орны жұмыс істейді, онда 221 мың студент білім алуда.

Оқи отырыңыз: Central Asia FIRST Championship 2026: Алматының барлық командасы жүлдемен оралды