Астана қаласындағы Халықаралық EXPO көрме орталығы базасында өткен Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалі өз мәресіне жетті. Ауқымды турнирге 7 елден 3000-нан астам оқушы қатысты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматы қаласының командалары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше санат бойынша жүлделі орындарды иеленді.
FIRST LEGO League Explore санатында Alem Innovators командасы басты марапат — Champions Award Winner атағын жеңіп алды. Команда құрамында: Айша Кенжебай, Нұрберген Жәнібек, Досан Дәулет және Омар Ерланұлы. Жетекшісі — Айдана Ермек.
Бұл жеңіс командаға Қазақстан атынан АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST әлемдік финалында ел намысын қорғау құқығын берді.
FIRST LEGO League Challenge санатында ALASH командасы Champions Award Finalists атағын (II орын) иеленіп, Грекияның Софико қаласында өтетін Халықаралық ашық чемпионатқа жолдама алды. Команда құрамында: Айдана Талғатқызы, Айсұлтан Баянжан, Қарақат Кенжәлі, Сералы Шектібаев, Әдия Медеу, Мадина Арзымбетова, Әділет Әмет, Әлихан Сәлім.
Осы санатта KAZBOTS командасы Core Value Award Winner номинациясы бойынша жеңімпаз атанып (III орын), Қытайдың Бейжің қаласында өтетін Халықаралық ашық чемпионатта Қазақстан атынан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Команда құрамында: Дінмұхаммед Айтмырза, Қасым Әлжан, Ералы Балтабеков, Қайсар Шалқарұлы, Санжар Ғалым, Исмаил Нұрланов, Бектұрған Жолдасов, Нурила Дәулет.
Оқи отырыңыз: Алматыда 160 инвестициялық жобаның аясында 24 мың қала тұрғыны жұмыспен қамтылды