Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Попов 100 жасқа толды

15.01.2026 15:10
пресс-служба акима Алматы

Кеше Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Попов 100 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ардагерді осы айтулы күні Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Алмас Кеңесбай арнайы құттықтап, көрсеткен ерлігі, батылдығы мен Ұлы Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылық пен зор құрметін жеткізді.

Анатолий Назарович Екінші Прибалтика майданының құрамында жауға қарсы шайқасып, Рига қаласын азат етуге қатысқаны үшін жоғары марапаттарға ие болған. Оның ғұмыр жолы — қайсарлықтың, отансүйгіштіктің және елге адал қызмет етудің айқын өнегесі.

Кездесу барысында ардагердің ерлік жолы мен жанқиярлық еңбегі ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны айтылды. Әкімдік өкілдері мерейтой иесіне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасына амандық тіледі.