Астанада 21 жастағы жігіт арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырған

15.01.2026 15:25

Оқ арнайы жасақ қызметкерінің жауырын және мойын тұсына тиген

Астанада 21 жастағы жігіт арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарулы ер адам жолда кетіп бара жатқан көлік жүргізушісін аң аулауға арналған мылтықпен атып, кейін қаруымен ұрған. Жараланған азамат қорғану мақсатында шабуылдаушыны көлігімен соққан деген ақпарат бар. Күдікті көп ұзамай оқиға орнынан ізін суытқан. Оқ арнайы жасақ қызметкерінің жауырын және мойын тұсына тиген.

«Болған жағдай туралы зардап шеккен адам «102» арнасы арқылы хабарлады. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару тәркіленді. Зардап шеккен адам – құқық қорғау органдарының қызметкері. Оқиға кезінде ол еңбек демалысында болған», – деді Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Ерлік – тәрбие жемісі: Алматыда патриоттық форум өтті