Алматыда Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған альбом таныстырылып, жас таланттардың көрмесі ашылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты «Almaty Gallery» галереясында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналған мерейтойлық альбомның тұсаукесері және жас суретшілердің «ZAMANDASTAR-IV» көрмесі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Суретшілер одағының мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Мерейтойлық альбомға Одақтың тарихы мен қызметі туралы материалдар, сондай-ақ Қазақстаннан және шетелден 200-ден астам автордың туындылары енгізілген. Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.

«ZAMANDASTAR-IV» көрмесі әртүрлі техника мен бағытта орындалған жас суретшілердің жұмыстарын біріктірді. Экспозицияда Оралбек Қабөке, Алмас Нұрғожаев, Дәуренбек Бекназар, Әлішер Жүргенов, Нұрболат Асқар, Айдос Сейдақұл, Санжар Сырғабаев, Тұрғын Әбдірахман, Нұрлан Сатаев, Сұлтан Аманжол, Мөлдір Сағындықова, Махаббат Сағындық, Әйгерім Оспан, Тұрбай Мұратбек, Елдос Азаматұлы, Қажыбек Ақмарал, Қабиқожаева Әлия, Өркен Аят және Зарина Чукетаеваның туындылары ұсынылған.

Іс-шара аясында Алматы қаласы музейлер бірлестігі мен Жас суретшілер одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Келісім бірлескен көрме және мәдени жобаларды дамытуға, сондай-ақ жас авторларды қолдауға бағытталған.

Көрме 2026 жылғы 6 мамырға дейін жалғасады. Галерея сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру тегін.

Оқи отырыңыз:  Алматы агломерациясының дамуы: экология, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымға басымдық

Новости партнеров