Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесінде орналасқан «Эмиль» кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысанның бұзылып жатқанын хабарлады. Сот шешімімен аталған нысан заңсыз деп танылған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданған.
Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Алматы қалалық сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Нысанды бұзу жұмыстары бүгін қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Оқи отырыңыз: Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады