Алматыда медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жалғасуда

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау саласында 32 жаңа нысанның құрылысы және 14 медициналық мекемені жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобалардың қазіргі ахуалы Алматы қаласы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Құрылыс және қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, 32 жаңа нысанның құрылысы және 14 ескі нысанды жаңғырту жоспарланған.

Қазіргі таңда 6 жаңа нысан пайдалануға берілді, 5 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, ал 10 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Негізгі жобалардың қатарында Дарабоз шағынауданында 300 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық перинаталдық орталық салу, сондай-ақ 250 орындық көпбейінді аурухана, онкологиялық орталық және бір ауысымда 350 келушіге арналған емханасы бар кешен құрылысы бар.

Кеңес барысында жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдарды күрделі жөндеу мәселесі де жеке қаралды. 2025 жылы 15 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеумен қамтылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жобаларды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз ету және салалық басқармалар арасындағы үйлестіруді күшейту тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Шектеусіз спорт: «Сенім» тәрбиеленушілері Showdown ойынында бақ сынады

Новости партнеров