Алматыда заңсыз салынған нысандарды бұзу жұмыстары жалғасуда

04.05.2026 15:04
пресс-служба акима Алматы

Бүгін Сейфуллин даңғылы, 518 мекенжайында орналасқан шағын маркет толықтай бұзылды. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды  Almaty.tv

Бұған дейін рұқсат құжаттарының жоқтығына байланысты тиісті шаралар қабылданып, іс сотқа жолданған болатын.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың шешімімен меншік иесі кінәлі деп танылып, нысанды мәжбүрлі түрде бұзу туралы қаулы шығарылды. 2026 жылы 9 сәуірде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз еркімен бұзды.

Оқи отырыңыз: Жаттығу кезінде омыртқасы сынған жасөспірімді алматылық дәрігерлер аман алып қалды