Eco Almaty мобильді экологиялық зертханалары қоғамдық көліктің атмосфераға бөлетін шығарындыларының деңгейін тексеруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
2026 жылы 5 наурызда мамандар «Досчан-М» автопаркінің автобустарына мониторинг жүргізді. Барлығы 87 автобус тексерілді. Өлшеу нәтижесінде дизель отынымен жүретін 26 автобуста уыттылық нормативтерінің шектен асқаны анықталды.
Сонымен қатар КАП-3 және КАП-6 автобус парктерінде каталитикалық түрлендіргіштері жоқ 85 автобус анықталды.
Жалпы, қала бойынша өткен жылдың соңында уыттылық нормасы асып кеткен 250-ден астам автобус тіркелген.
Қоғамдық көлікті тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге және қаладағы атмосфералық ауаны ластайтын зиянды шығарындыларды азайтуға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Алматыда 15 наурыз қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады