Алматыда кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Пресс-служба акима города Алматы
Пресс-служба акима города Алматы

 Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрі қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

23-24 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Алматы облысы фермерлері мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілер қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.
 
Жәрмеңкеге 50-ден астам өнім түрі (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

 Өнімнің жалпы көлемі 250 тонна құрайды, оның ішінде:
* Ет өнімі – 50 тонна;
* Жеміс-көкөніс өнімі – 100 тонна;
* Сүт өнімі – 45 тонна;
* Балық өнімдері – 5 тонна;
* Өзге өнімдер – 50 тонна.

 Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

"Құрметті көлік иелері! Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 22 қарашада сағат 20:00-ден 24 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.  Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутыңызды алдын ала реттеуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 бағыттардың сызбалары өзгереді. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз: Сайран қайтадан Алматыда тартылыс нүктесіне айналады

Новости партнеров