Алматыда «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» акциясы өтеді

03.04.2026 14:23
Depositphotos

«Eco Almaty» ЖШС ауа сапасын жақсарту және жүргізушілердің экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» атты экологиялық акция өткізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Акция аясында қала тұрғындары көлігін экологиялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тегін тексере алады.

Мамандар көміртек оксидінің (CO) деңгейі мен пайдаланылған газдардың түтіндену көрсеткішін өлшейді.

Тексеру тегін жүргізіледі, әкімшілік шаралар қолданылмайды, мобильді экологиялық зертхана арқылы қысқа мерзімде жүзеге асырылады.

Акция жүргізушілерді көлік құралдарының техникалық жай-күйі туралы хабардар етуге, сондай-ақ шығарындыларды уақытылы бақылаудың маңызын түсіндіруге бағытталған.

Іс-шара автокөлік шығарындыларын негізгі ластаушы көздердің бірі ретінде азайтуды көздейтін Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында өткізіледі.

Оқи отырыңыз: 700-ден астам науқас және 180 ота: Алматыда балалардың көру қабілеті қалай қалпына келтірілуде?