Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық сенбілік өтеді

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сіздерді жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Күні: 2026 жылы 25 сәуір
Уақыты: 09:00-ден бастап

Бұл қаламыздың тазалығы мен көркейту жұмыстарына үлес қосуға, азаматтық жауапкершілігіңізді танытуға және «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» құндылықтарын қолдауға тамаша мүмкіндік.

Сенбілік өтетін орындар:

•    Алатау ауданы – Шәріпов көшесі (спорт алаңы)
•    Алмалы ауданы – Есентай өзенінің жағалауы (Қожамқұлов көшесі, Бөгенбай батыр көшесі)
•    Әуезов ауданы – Сайран шағынауданы (Төле би көшесінен Жұбанов көшесіне дейін)
•    Бостандық ауданы – Көкшоқы шағынауданы, 1а (Аюсай визит орталығы)
•    Жетісу ауданы – Уссурийская көшесінің бойы
•    Медеу ауданы – Мұзтау шағынауданы, Бекенбай көшесі (Бекенбай өзенінің бойы)
•    Наурызбай ауданы – «Ақжар» сквері, Сақ қорғандары
•    Түрксіб ауданы – Баум тоғайы

Отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен бірге келіңіздер!

Алматыны бірге таза, жайлы әрі жасыл қалаға айналдырайық!

Оқи отырыңыз: Алматыда №138 гимназия базасында «Парасат шаңырағы» этно-кабинеті ашылды

Новости партнеров