Алматыда «Медеу» бөгетінің баспалдағына жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді

Фото: Управление спорта
Фото: Управление спорта
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Медеу» бөгетінің баспалдағына дәстүрлі жүгіру жарысы өтеді. Бұл жыл сайын салауатты өмір салтын ұстанатын және спортпен айналысатын жүздеген адамның басын қосатын дәстүрлі спорттық іс-шара. 2026 жылы 27 маусымда өтетін жарыс қаланың ең ауқымды бұқаралық спорттық іс-шараларының бірі болмақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуға тарту. Жарысқа 7 жастан бастап және одан жоғары жастағы спортшылар мен спортсүйер қауым қатысады.

Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай 100, 200, 500 және 842 баспалдақ қашықтықтары бойынша сынға түседі.

Жарыстың басталу кестесі:

* 09:30 – 100 баспалдақ;
* 10:30 – 200 баспалдақ;
* 11:30 – 500 баспалдақ;
* 13:30 – 842 баспалдақ.

«Медеу» бөгетінің баспалдағына жүгіру жарысы дәстүрлі түрде көптеген қатысушы мен көрерменді жинап, Алматыдағы ең танымал бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірі саналады.

Күні: 27 маусым 2026 жыл.
Орны: «Медеу» бөгетінің баспалдағы.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды