«JAS GALA-2026»: Алматыда студенттік көктем шығармашылық байқауы өтеді

08.04.2026 18:08

Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңгені құрайды

Depositphotos.com

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер Альянсы» КҚ ұйымдастыруымен Алматы қалалық студенттік көктем «Jas Gala» фестивалі ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Байқаудың мақсаты  –  университеттік дәстүрлерді нығайту және дамыту, студенттерді шығармашылық арқылы біріктіру. Шығармашыл, дарынды және талантты жастарды анықтап, олардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетуді, сондай-ақ адамгершілік құндылықтарды, эстетикалық және интеллектуалдық талғамды дамытуға ықпал етуді мақсат етеді.

Фестиваль бес бағыт бойынша өтеді: вокал, хореография, мобилография, аспаптық орындау, театр. Фестивальге Алматы қаласының ЖОО студенттерді қатысады. Фестиваль аясында қатысушыларға мастер-класстар мен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылады.

Байқау аяқталғаннан кейін фестиваль жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Фестивальдің жүлде қоры – 7 500 000 теңгені құрайды.

Әр бағыт бойынша қазылық ететіндер – мәдениет майталмандары, өнер жұлдыздары және қоғам қайраткерлері.

Оқи отырыңыз: Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі