Бүгін, 23 қыркүйекте Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында ірі құрылыс компаниясы мен ECO Network ұйымдастырған экологиялық акция өтеді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін тұрғындар пластик қақпақтарды және бөлек жиналған басқа да қайталама шикізатты тапсыра алады. Сондай-ақ, пластикті қайта өңдеу үдерісін өз көзімен көруге мүмкіндік болады.
Акция алаңында эко-трак, велошреддерлер және пластикті балқытуға арналған жабдықтар жұмыс істейді. Қатысушылар пластикті өздері ұсақтап, қайта өңделген материалдан жаңа бұйымдардың қалай жасалатынын көре алады.
Тапсырылған қайталама шикізат өлшеніп, ECO Network жүйесінде тіркелген пайдаланушыларға econetwork.me қосымшасында тиісті ұпай есептеледі.
Оқи отырыңыз: 25 қыркүйекте Көктөбе келушілер үшін уақытша жабылады