Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті
пресс-служба акима города Алматы
Турнир қатысушыларға шеберлігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және бәсекелі ортада ойнауға мүмкіндік берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Infinity Chess Cup Almaty 2026 инклюзивті шахмат турнирі өтті. Жарысқа есту және көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты зақымданған шахматшылар қатысты, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Алматының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлады.
Сайыс швейцариялық жүйе бойынша жеті турдан тұрды. Ойын нәтижелері рейтинг есептеу кезінде ескерілді. Жалпы жүлде қоры 1 млн теңге.
Жарысқа тәжірибесі мен дайындық деңгейі әртүрлі шахматшылар қатысып, өзара бақ сынады. Турнир қатысушыларға шеберлігін көрсетуге, тәжірибе жинауға және бәсекелі ортада ойнауға мүмкіндік берді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36