Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізіледі: 12 мамырдан бастап радио және телеарналар арқылы алдағы жоспарлы жаттығу туралы және сабырлық сақтау жөніндегі ұсыныстармен хабарландырулар беріле бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-сөйлеу құрылғыларын іске қосу, телерадиоарналарды қамту және мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу арқылы қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылады.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл хабарламалар алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Дыбыстық сигналды естіген бойда теледидар мен радионы қосып, қалыптасқан жағдайдағы одан арғы іс-қимылдар туралы нұсқауларды алу үшін интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқу қажет.
Егер жер сілкінісі орын алса — үрейге бой алдырмаңыз! Қауіпсіз жерге тұрыңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланыңыз, қажет болған жағдайда халықты қабылдау пункттеріне (ХҚҚП) барыңыз.
Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті орналастырылады.
ХҚҚП туралы толық ақпарат 2ГИС картасында «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» деп іздеу кезінде, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД және Әкімдіктің ресми сайттарында орналастырылған.
Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін «дабыл чемоданын» дайындаңыз, қауіпсіз жерге баратын ең қысқа бағытты анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз жер — бұл электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаңқай.
Өткізілетін қалалық сейсмикалық жаттығу жоспарлы болып табылады, азаматтардан сабырлық сақтауды және белсенді қатысуды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Алматыда 11-17 мамыр аралығында ауа райы қандай болады