Олжас Бектенов егіс науқанын сапалы өткізуді тапсырды

12.05.2026 12:21
Depositphotos.com

Үкімет отырысы барысында Премьер-министр Олжас Бектенов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытудың маңыздылығына назар аударды, — деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының конституциялық реформасы елді, экономиканың барлық салаларын одан әрі жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін күшейту және импортқа тәуелділікті төмендету ерекше өзектілікке ие болады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бұл тұрғыда көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізудің маңызы зор.

«Қазіргі уақыттағы негізгі міндет — егіс науқанын сапалы өткізу. Үкімет барлық қажетті жағдайларды жасады. Қаржыландыру бөлінді, фермерлерді техникамен және ресурстармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды», — деді Үкімет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның агросекторына ЖИ мен цифрлық платформалар енгізілуде