Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдап, құрылыс және жер қатынастары саласына қатысты тұрғындардың өтінішін қарады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Атап айтқанда, Pine Hill клуб үлгісіндегі тұрғын үй кешенінің үлескерлері нысанның әрі қарайғы құрылысына қатысты мәселе көтерді. Қазіргі таңда тұрғын үй кешеніне қосымша қабаттар салу мүмкін емес, себебі тиісті рұқсат құжаттары мен инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар жоқ. Айта кету керек, бұған дейін Қала құрылысын бақылау басқармасының талап-арыз жұмыстарының нәтижесінде заңсыз салынған қабат сүрілген.
Сонымен қатар, қабылдауға келген азаматтар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, мемлекеттік қажеттілік үшін жерді алып қою және өзге де мәселелер бойынша жүгінді.
Түскен барлық өтініш бойынша Бейбіт Шаханов қолданыстағы заңнама аясында түсіндірме берді. Салалық басқармалар мен жауапты қалалық қызметтерге қосымша тексеру жүргізіп, нысандарға жергілікті жерде зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.
Оқи отырыңыз: Алматы қалалық кардиология орталығында жүкті әйелге алғаш рет рентгенсіз бірегей ота жасалды