Алматыда жыл басынан бері 68 мың жұмыс орны құрылды

18.12.2024 13:55

Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді. 

"Біздің жұмысымыздағы аса маңызды басымдық алматылықтардың әл-ауқатын арттыру болып табылады. Ағымдағы инфляцияны ескере отырып, Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1% - ға өсіп, 470 мың теңгені (9 ай) құрады. 2024 ж., номиналды мәнде 15,7%)", - деп атап өтті қала басшысы.  

Ағымдағы жылдың басынан бері 68 мың жұмыс орны құрылды. Құрылған жұмыс орындарының 82% (55,7 мың) тұрақты болып табылатынын атап өту маңызды. Нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6% - ға дейін төмендеді. 
Жылдық инфляцияның осы жылдың соңына дейін 8,5% - ға дейін және 2025 жылы 7,5% - ға дейін баяулауы болжануда.

Оқи отырыңыз: Алматыда арық желілерін модернизациялау және салу: 125 км салынды және реконструкцияланды