Нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен бірер күн бұрын басталды
Алматыда заңсыз көлік жуу нысаны сүріліп жатыр. Нысан Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданындағы Жеңіс көшесінде орналасқан. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv
Жоспардан тыс тексеріс барысында рұқсатсыз, шаруашылық тәсілмен көлік жуу нысаны мен тұрғын емес үй-жай салынғаны анықталды. Нысан иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Содан кейін басқарма заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арызбен Наурызбай аудандық сотына жүгінді. 2022 жылы 7 желтоқсанда сот талап-арызды толық көлемде қанағаттандырды. 2023 жылы 16 ақпанда атқарушылық парақ Әділет департаментіне жолданды.
Нысанды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен бірер күн бұрын басталды.
Оқи отырыңыз: Заң және тәртіп: Алматыда жолаушыларға тегін құқықтық кеңес берілді