Заң және тәртіп: Алматыда жолаушыларға тегін құқықтық кеңес берілді

Былтыр Көліктегі полиция қызметкерлері 150 мыңға жуық жағдайды тіркеген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгіленбеген жерден өту, рұқсат етілмеген аймақта сауда жасау, вокзалда шылым шегіп, ішімдік ішу, қару-жарақ тасымалдау. Алматының темір жолында құқықбұзушылық азаймай тұр. Былтыр Көліктегі полиция қызметкерлері 150 мыңға жуық жағдайды тіркеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 30 мыңға көп. Осыған байланысты «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қалалық көлік прокуратурасы Алматы-1 вокзалындағы желілік полиция басқармасымен бірлесіп, «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізуде. Онда жолаушыларға тегін құқықтық кеңес беріліп, заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында ақпараттық парақшалар таратылды.

«Әр жыл сайын әкімшілік істер өтіп жатыр. Көлікте де құқық бұзушылық артып отыр. Мысалы 2025 жылы көліктегі полиция қызметкерлері 140 991 әкімшілік құқықбұзушылықты тіркеді. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары, Ол кезде 120 564 құқықбұзушылық анықталған болатын», – деді Алматы көлік прокуратурасының прокуроры Тимур Қасенов.

«Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жолаушылар өздерімен не алып жүруге болатынын және нені алып жүруге болмайтынын білуі керек. Себебі заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды. Сондай-ақ, әрине адамдардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді Алматы-1 стансасы көліктегі полиция басқармасы бөлім бастығының орынбасары Руслан Шәрібаев.

Оқи отырыңыз: Келіп түскен жүйелі ұсыныстар жаңа Конституция мәтінінде көрініс тапты – Ерлан Қарин

Новости партнеров