Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды Open-Air концерт өтеді

03.06.2026 09:08
пресс-служба акима Алматы

4 маусым күні сағат 17:00-де Алматы қаласындағы Көк-Төбе демалыс саябағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік Open-Air концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шара заманауи фестиваль форматында өтіп, әртүрлі буын өкілдерін бір алаңға тоғыстырады. Музыка, өнер және шығармашылық арқылы ұйымдастырылатын мерекелік кеш қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше атмосфера сыйлап, ұлттық бірегейлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттайды.

Мерекелік концерт аясында қазақстандық эстраданың танымал өнер жұлдыздары патриоттық әндер орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Концертке Айдар Тұрғанбек, Төреғали Төрәлі, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрар, Ақботанұр Сейтмағамбет, Баянсулу, Диная, Ернар Жұматаев және «КешYOU», «Алашұлы», «Абырой» топтары өнер көрсетеді. 

Барша алматылықтар мен қала қонақтарын Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік кешті бірге тамашалауға шақырамыз!

Оқи отырыңыз: Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды