Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлікке көрсетілген қолдау аясында 217 жұмыс орны құрылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 31 кәсіпкерге бизнестерін кеңейту үшін коммерциялық мақсаттағы нысандар ұсынды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Нысандар жеңілдетілген шарттармен жалға берілді. Жалдау құны бір шаршы метріне 0,1 АЕК-ті немесе 2026 жылға белгіленген мөлшерге сәйкес 432,5 теңге. Бұл нарықтық бағадан айтарлықтай төмен.

Коммерциялық нысандар «Алматы» ӘКК ресми сайтында жарияланатын ашық байқау арқылы, қолайлы орындар пайда болған сайын ұсынылады. Байқауға әлеуметтік кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатыса алады. Инклюзия, денсаулық сақтау және білім беру бағытындағы жобаларға басымдық беріледі.

Байқау жеңімпазымен жалдау шарты үш жылға дейінгі мерзімге, ұзарту мүмкіндігімен және сатып алу құқығынсыз рәсімделеді. Сонымен қатар, үш айға дейін жалдау ақысы алынбайтын жеңілдік кезеңі қарастырылған.

Осы тетік аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бейімдеу және оңалту орталықтары ашылып, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға логопедиялық, дефектологиялық, сенсорлық және нейропсихологиялық бағыттағы сабақтар ұйымдастырылған. Сондай-ақ, әйелдерге, жасөспірімдерге және зейнет жасындағы азаматтарға арналған шығармашылық шеберханалар мен үйірмелер жұмыс істеп тұр.

Мұндай жобаларды қолдау тұрақты жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік осал топтарды экономикалық белсенділікке тартуға ықпал етіп отыр. Мәселен, жобалардың бірі аясында тігін өндірісі іске қосылып, әлеуметтік осал топтағы әйелдер жұмыспен қамтылды. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне және табысын арттыруға мүмкіндік берді.

Аталған әріптестік нәтижесінде «Алматы» ӘКК мен әлеуметтік кәсіпкерлердің серіктестігі арқылы қалада жалпы саны 217 жаңа жұмыс орны ашылды.

Оқи отырыңыз: Алматының «Арай» ардагерлер ансамблі халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Новости партнеров