Алматының «Арай» ардагерлер ансамблі халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Ансамбль халықаралық сахнада қаланың абыройын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы «Арай» ардагерлер ансамблі «Музыка мен би әлемі – 2026» халықаралық мәдениет және өнер фестивалінде Бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ансамбль халықаралық сахнада қаланың абыройын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Фестиваль Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасу аясында ұйымдастырылып, аға буын өкілдерінің шығармашылығына арналды.

Байқауға 18 ұжым қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Арай» ансамблі үздік деп танылды. Ұжымға Бас жүлде, диплом және естелік мүсінше табыс етілді, ал ансамбль мүшелеріне алғыс хаттар мен медальдар берілді.

Фестиваль аясында бірінші орын Алматы қаласының Медеу ауданының ұжымына бұйырды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мәліметінше, «Арай» ансамблі қаланың мәдени өміріне белсенді қатысып, Наурызбай ауданын түрлі шығармашылық алаңдар мен іс-шараларда тұрақты түрде таныстырып келеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда заңсыз көлік жуу нысаны сүріліп жатыр

Новости партнеров