Қазіргі уақытта құқықтық акт әділет департаментінде тіркелуде
Алматыда құрылыс нысандарын инспекциялаудың жаңа тәртібін қабылдау туралы өз пікірімен құрылыс, жер қатынастары, урбанистика, энергетика және сумен жабдықтау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гүлмира Байғабулова бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Мен үшінші жыл бойы құрылыс процесін бақылауды қайтару қажеттілігі туралы айтып отырмын, менің ойымша, құрылыс-монтаж жұмыстарын инспекциялау ережелері толыққанды мемлекеттік бақылау алғашқы қадам болып табылады. Бұл құжаттар біздің қауіпсіздігімізге тікелей байланысты. Инспекциялаудың нақты ережесі тұрғындарды сапасыз жүргізілген жұмыстардан, ал адал құрылыс салушыларды негізсіз талаптардан қорғауға тиіс», - деп есептейді сарапшы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы мәслихатының кезектен тыс XXVI сессиясында құрылыс-монтаж жұмыстарының тірек және (немесе) қоршау конструкцияларын тұрғызуға және реконструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігін инспекциялау үшін құрылыс объектілеріне бару тәртібі бекітілді.
Қазіргі уақытта құқықтық акт әділет департаментінде тіркелуде.
Оқи отырыңыз: Алматыда көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ең төменгі тариф бекітілді