Референдумға дейін:
17
күн
20
сағат
59
минут

Алматыда 2026 жылы 5 жаңа комьюнити орталық ашылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жастармен жұмыс істеуге арналған инфрақұрылымды дамыту жалғасады. Жаңа орталықтар ашу, жобалардың ауқымын кеңейту және кеңес беру көлемін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық және Түрксіб аудандарында бес жаңа жастар комьюнити орталығын іске қосу көзделген. Жаңа алаңдар ашылғаннан кейін қала бойынша олардың жалпы саны 16-ға жетеді. 

Инфрақұрылымды кеңейту нәтижесінде жастарды қамту көрсеткіші 570 мыңнан кемінде 700 мың адамға дейін ұлғаймақ. Комьюнити орталықтар базасында кемінде 3 мың іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық қолдау бағыттары бойынша көрсетілетін кеңес саны 22 мыңнан асады.

Бұған қоса қалада алғаш рет кемінде сегіз жастар үкіметтік емес ұйымын құру және дамыту жоспарланып отыр. Олар экологиялық, патриоттық, еріктілік және басқа да бағыттарда жұмыс істеп, комьюнити орталықтардың қолдауымен жобалық командалар ретінде қызмет атқарады. Бұл ұйымдар жастарды қала деңгейіндегі мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

«Инфрақұрылымды дамыту жастарға көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін арттырып, оларды қаланың әлеуметтік, мәдени және білім беру бастамаларына белсенді түрде тартуға бағытталған», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мамандары.

Оқи отырыңыз: Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

Новости партнеров