Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жандосов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды  Аlmaty.tv 

Атап айтқанда, 21 шілде сағат 20:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Дәулеткерей көшесінен қала шекарасына дейінгі учаскеде кері бағыттағы қозғалыс (реверсивті қозғалыс) ұйымдастырылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және белгіленген жылдамдық режимін қатаң ұстануды сұраймыз. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген уақытша шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданында тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр