Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

31.07.2026 12:05
пресс-служба акима Алматы

Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Еске саламыз, көлік қозғалысына қойылатын шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз:  Алматының Жетісу ауданында 8 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілері жаңартылып жатыр