Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, 26 маусым күні сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықта Мұстафин көшесінен Саин көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты тұрғындардан жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз:  Almaty TV журналистері қалалық байқауда бірнеше номинацияны бағындырды