Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Өтеген батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өтеген батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

31 тамыз сағат 22:00-ден 1 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі көлік жүктемесін азайту үшін қандай шаралар қабылдады