Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ұлы Отан соғысының 15 ардагеріне Жеңіс күніне орай 5 млн теңге көлемінде біржолғы төлем берілді, деп хабарлайды  Almaty.tv

Жыл сайын 9 мамырға орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне біржолғы материалдық көмек түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ 1969 жылы наурызда Даманский аралы маңындағы және 1969 жылы тамызда Жалаңашкөл көлі ауданындағы әскери қимылдарға қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден материалдық көмек төленді.

100 мың теңгеден 1353 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлға, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 2955 ардагер, сондай-ақ соғыс жылдарындағы жанқияр еңбегі үшін ордендер мен медальдармен марапатталған 4713 тыл еңбеккері алды.

Сонымен қатар қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің 191 жұбайына 50 мың теңгеден төлем берілді.

Төлем 2023 жылы 8 желтоқсандағы Алматы қаласы мәслихатының №73 шешімімен бекітілген азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Материалдық көмек Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тізімдері негізінде, өтінішсіз төленді.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Новости партнеров