Елімізге дәрілерді жеткізетін компания алаяқтық жасап келген

Тергеу барысында заңсыз табысқа сатып алынған 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй анықталып, тәркіленді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда Дюшенн бұлшықет дистрофиясы ауруына арналған дәрілерді жеткізетін жалғыз компания 5 жыл бойы алаяқтық жасап келген, деп хабарлайды  Almaty.tv

Ресми ақпаратқа сүйенсек, аталған препараттарды өндіретін ұйым сатуға арнайы шекті баға белгілеген. Алайда дәрі жеткізумен айналысқан тарап оны заңсыз өсірудің амалын қолданған. Олар жеткізу тізбегіне Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген қосымша компанияны енгізіп, жалған келісімшарттар жасаған. Осы схема арқылы дәрінің нақты құнын жасырып, түпкілікті бағасынан бірнеше есе қымбаттатқан. Нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде шығын келтірілген. Тергеу барысында заңсыз табысқа сатып алынған 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй анықталып, тәркіленді. Қазіргі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Алынған табысқа салық төлеуден жалтару мақсатында серіктестік басшылығы түрлі жеке кәсіпкерлермен жалған мәмілелер жасап, жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қаражатты шығару схемасын ұйымдастырған. Соның салдарынан 4 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Компания 637 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған. Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы, үшінші тұлғаға қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан

Оқи отырыңыз: Елімізде су тасқыны жағдайы тұрақталды

 

 

 

  

 

 

 

Новости партнеров