Медеу ауданында 2 шақырым жол жарықтандырылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Медеу ауданындағы Кеңсай мен Сұлусай шағынаудандарын жалғайтын жолдың екі шақырымдық бөлігіне жарық шамдары орнатылды. Бұған дейін көше жарығы болмаған аумаққа 58 жаңа шам қойылды. Бұл туралы Медеу ауданы әкімдігінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жүргізушілер мен жүргіншілер үшін жолдың көріну мүмкіндігі жақсарып, кешкі және түнгі уақытта қатынау қауіпсіздігі артты.

Жарық шамдарын орнату Медеу ауданындағы көше жарығын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары аясында жүзеге асырылды. Аудан әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, өзге де учаскелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.