Алматыда алғаш рет ұлттық киімдерде мұз айдынында мерекелік сырғанау өтеді
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сіздерді «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» мұз ареналарында өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз.
18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін келушілер үшін тегін жаппай сырғанау ұйымдастырылады.
Қатысудың басты шарты — ұлттық киім киіп келу.
Конькиді өзіңізбен бірге алып келуге немесе сол жерде жалға алуға болады.
Кешті достарыңызбен және отбасыңызбен бірге мұз үстінде сырғанап, ерекше мерекелік атмосферада өткізіңіз!
Ұйымдастырушы — Алматы қаласының Спорт басқармасы.
Оқи отырыңыз: Наурызға арналған мерекелік жеңілдіктер: Алматыда «Nauryz Sale» науқаны өтіп жатыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
04.09.2026 11:54
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
03.09.2026 09:07
3 қыркүйекке арналған валюта бағамы
03.09.2026 09:18
4 қыркүйекке арналған валюта бағамы
04.09.2026 09:09
Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрлігін басқарады
03.09.2026 13:03