Жерді қуатты әрі ұзаққа созылатын магниттік дауыл басады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Планета тұрғындарына геомагниттік жағдайдың нашарлауына дайын болған жөн

Жаңалықтармен бөлісіңіз

19 наурыз күні таңертең Күндегі қуатты жарылыс салдарынан бөлінген плазма бұлты біздің планетамызға жетеді, — деп хабарлайды Almaty.tv My-calend.ru сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдардың болжамы бойынша, магниттік дауыл таңертең ерте басталады. Оның қуаты 5 балды, ал 21 наурызда тіпті 6 балды құрайды.

Бұл күндері ауа райына сезімтал адамдардың басы ауыруы мүмкін. Сондай-ақ көңіл-күйдің күрт өзгеруі, әлсіздік пен депрессия байқалуы ықтимал. Өз психологиялық жағдайыңызға мұқият болыңыз: эмоционалдық шиеленістен және стресстік жағдайлардан аулақ болыңыз.

Адамдар магниттік дауылдарға әртүрлі әсер береді. Кейбіреулер дауыл басталғанға дейін 2-3 күн бұрын өзін нашар сезінсе, басқалары — дауыл кезінде, ал үшінші топтағылар — дауылдан кейін 1-2 күн өткен соң сезінеді.

Денсаулықты қалай сақтау керек?

Магниттік дауылдан толық қорғану мүмкін емес, бірақ оның теріс әсерін барынша азайтуға болады:

  • Дұрыс тамақтану: Жеңіл тағамдарды тұтыныңыз, артық тамақтанбаңыз, суды көп ішіңіз.

  • Зиянды әдеттерден бас тарту: Алкоголь мен темекіден бас тартыңыз.

  • Жағымды ойлау: Стресстік жағдайларды айналып өтіп, позитивті ойлауға тырысыңыз.

  • Сергектік: Контрасты душ қабылдаңыз, таза ауада көбірек серуендеңіз және уақытылы ұйықтаңыз.

  • Шөптік тұнбалар: Ұйқысыздық, жүйке жұқаруы немесе мазасыздық кезінде тыныштандыратын шөптерді (валериана, мелисса, түйежапырақ) пайдаланыңыз.

  • Қауіпсіздік: Көлік тізгінінде мұқият болыңыз, мүмкіндік болса, бұл кезеңде көлік жүргізуден бас тартыңыз.

Сонымен қатар, ағзаға ауыр физикалық күш түсірмеген жөн. Дауыл кезінде жаңа істерді бастауға, жаңа таныстықтар орнатуға немесе алыс сапарға шығуға кеңес берілмейді. Қан қысымы төмен адамдарға таңертең төсектен бірден күрт тұрмау ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 16-22 наурыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров