Алматыда Жұмабаев көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

15.06.2026 18:14
пресс-служба акима Алматы

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Алматы қаласының Жетісу ауданында кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

* Шектеу енгізілетін кезең: 2026 жылғы 16 маусымнан 20 шілдеге дейін.
* Аумақ: Жұмабаев көшесінің Сельская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігі.
* Айналып өту сызбасы: Омаров және Палладин көшелері арқылы қамтамасыз етіледі.

Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және тозған желілерді ауыстыру аясында Жетісу ауданында 716 метр кәріз құбыры жаңартылады. Аталған желі 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта өзінің нормативтік пайдалану мерзімін өтеген.

Қозғалысты шектеу – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара. Себебі қайта жаңғыртылатын желі учаскесі тікелей жол төсемінің астынан өтеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде барлық тұтынушылар үшін суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері толық көлемде сақталады.

Жұмыс жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері және айналып өту бағыттарының көрнекі сызбалары орнатылған. Автокөлік иелеріне бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда Президенттік дене шынықтыру тестілеріне 1000-нан астам адам қатысты