Әкімдік өкілдері шығынға батқан шаруаларға ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтты
Атырау облысы Жылыой ауданында нөсердің астында қалған мыңнан аса мал қырылып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Өткен аптадағы тоқтаусыз жауған жауынды қой мен ешкі көтере алмай сеспей қатқан. Шығынға батқан шаруалар амалсыз ұсақ малдың өлекселерін жинап өртеп жатыр. Әрбір шаруа қожалығынан шамамен 200-ден 350-ге жуық ұсақ мал арам өлген. Мамандар малдардың жаппай қырылуына ерте қырықтық себеп болуы мүмкін деп отыр. Алайда әкімдік өкілдері шығынға батқан шаруаларға ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтты.
«Жалпы 1238 мал шығынға ұшырады. Оларды ветеринар мамандар өрттеп, жойылды. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.Басқарма тарапынан аса қауіпті аурулар анықталмағандықтан өтемақы төленбейді. Қысқа мал өте күйлі шықпайды, малдардың үстіндегі жүні қырқылған. Нөсер жаңбыр астында қалған соң, су өтуі мүмкін», – деді Ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Сайран Ғұднан.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі денсаулық сақтау саласын дамыту және құрылыс жобаларының орындалу барысын бақылауға алды