Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

17.07.2026 17:28
пресс-служба акима Алматы

Алматыдв инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Төле би көшесінің Тілендиев және Брусиловский көшелерінің аралығында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған учаскеде қозғалыс 2026 жылы 18 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 13:00-ге дейін толықтай жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша енгізілетін шектеуді ескеруге және уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда тағы бір заңсыз салынған қосымша құрылыс сүріліп жатыр