Қазіргі уақытта компания өз круассандарын көтерме және ұсақ көтерме сауда желілеріне, супермаркеттерге, кофеханаларға және Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да қалаларының қоғамдық тамақтану орындарына сатады
"Алматы" ӘКК" АҚ еншілес ұйымы "Almaty Finance" ЖШС Алматыда круассандар мен өзге де нан-тоқаш өнімдерін өндіру бойынша автоматтандырылған желіні іске қосуды қаржыландырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Almaty Business - 2025" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бөлінген 128 млн теңгені "Art Bakery" ЖШС жабдық сатып алуға бағыттайды.
Өндірісті автоматтандыру компанияға шығарылатын өнім көлемін-айына 33 мыңнан 490 мыңға дейін - круассан мен басқа да ұн өнімдерін 15 есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта компания өз круассандарын көтерме және ұсақ көтерме сауда желілеріне, супермаркеттерге, кофеханаларға және Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да қалаларының қоғамдық тамақтану орындарына сатады. Халықаралық сертификаттаудың және өндіріс қуатын арттырудың арқасында компания жергілікті тапсырыс берушілерге, сондай-ақ шетелдіктерге де үздіксіз жеткізілімдерді жүзеге асыра алады.
Ауданы 580 м2 жаңа цех "Алматының индустриялық аймағындағы" шағын өнеркәсіп паркінің аумағында орналасатын болады. Өндірістің басталуы 2025 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.
Несиелеу лимиті бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 5 жылды құрайды.
"Жергілікті өндірушіні қолдау қала үшін оң экономикалық әсер етеді: нарықты отандық өніммен толтырудан басқа 19 жаңа жұмыс орны құрылады, жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізген кезде компания жыл сайын шамамен 50 млн теңге салық төлейтін болады", - деп атап өтті "Almaty Finance" басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
Оқи отырыңыз: Рудныйда жылу трассасы жарылып кетті