Алматының Әуезов ауданында бизнес нысандарынан шығатын зиянды шығарындыларды азайту жұмыстары күшейтілді

20.07.2026 14:32
пресс-служба акима Алматы

Алматының Әуезов ауданында қала әкімінің атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасы аясындағы жұмыстар жалғасып келеді. Бұл туралы аудан әкімдігінің өкілдері айтты,-  деп хабарлайды Аlmaty.tv

Экология және қоршаған орта басқармасымен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізілді.

Мониторинг қорытындысы бойынша 79 қоғамдық тамақтану орнының 39-ында гидрофильтрлер орнатылғаны анықталды. 8 монша кешенінің 7-еуі газбен жылыту жүйесіне көшкен. Ал 22 техникалық қызмет көрсету станциясының 17-сі газбен жылытылады.

Қатты және сұйық отынды пайдаланатын нысандардың басшыларымен газға немесе электрмен жылыту жүйесіне көшу, сондай-ақ Алматы қаласының көріктендіру қағидалары мен Атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Оқи отырыңыз:  «ҚазАвтоЖол» Алматы – Бішкек автожолында күрделі жөндеу жұмыстарын бастады