Көліктегі өзге 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді
Атырау – Индер тас жолында жантүршігерлік жол апатынан бір жолаушы мерт болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Көліктегі өзге 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай Toyota және Lada жеңіл көлігі соқтығысқан. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктердің сау тамтығы қалмаған. Бейнежазбада машиналардың аударылып, жол жиегіне өткені анық көрінеді. Қазір аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
«Махамбет ауданында Атырау Индер автожолының 56 шақырымында Toyota Sienna және Lada Granta қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан Toyota Sienna жолаушысы көз жұмды. Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды», – деді ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда онлайн-казино ұйымдастырған халықаралық қылмыстық топ ұсталды