Алматының Бостандық ауданындағы кейбір учаскеде су беру уақытша шектеледі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Бостандық ауданында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 13 тамыз сағат 21:00-ден 14 тамыз сағат 06:00-ге дейін тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Алматы Су» МКК өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Су беру мына аумақтың шегінде шектеледі:

Әл-Фараби даңғылы – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Байзақов көшесі – Ботаникалық бақ – Ерғожин көшесі.

Жұмыстар қаланың сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында қолға алынған.

Су беру қайта қалпына келтірілгеннен кейін су құбырларының желілерін шаюға байланысты судың сапасы уақытша өзгеруі мүмкін. Осы кезеңде тұрғындарға желілер толық шайылғанға дейін кір жуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды, сондай-ақ сумен жабдықтау жүйесіне қосылған басқа да құрылғыларды пайдаланбау ұсынылады.

«Алматы Су» МКК уақытша қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрап, алдын ала қажетті мөлшерде су қорын жинап алуды сұрайды.

Оқи отырыңыз:  «Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді