№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасын дамыту бағыттары мен басты міндеттері айқындалды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылы 24 қаңтарда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасына жұмыс сапары барысында 2025 жылғы медициналық қызмет көрсетудің есебін тыңдап, одан әрі дамудың негізгі басым бағыттарын белгіледі, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Есепте клиникалық, қаржылық және ұйымдастырушылық көрсеткіштер толық ұсынылды. Марат Пашимов медициналық-санитарлық алғашқы көмек пен балалар стационарларының өзара іс-қимылын күшейту, жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, пациенттердің қанағаттанушылығын жоғарылату және шағымды азайту жұмыстарын жүйелендіру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, балаларға сапалы және қолжетімді стационарлық көмек көрсетудің маңызына тоқталды. 

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы жоспарлы, шұғыл, оңалту және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін жетекші медициналық ұйым саналады. 2025 жылы стационарлық көмек көлемі 4,3%-ға, жоспарлы емдеуге жатқызу 2,3%-ға артты. Бір жыл ішінде 3 500-ден астам ота жасалып, 20-дан астам инновациялық емдеу әдісі енгізілді, олардың бір бөлігі Қазақстанда тек осы ауруханада қолданылады. Жабдықтармен қамтылу көрсеткіші – 98,08%, кадрлық қамтамасыз ету – 99%.

2026 жылы аурухананың басты басымдықтары ретінде хирургиялық белсенділікті арттыру, салалық кафедралармен өзара іс-қимылды дамыту, жаңа корпус құрылысының мониторингін жүргізу, 15 орындық паллиативтік бөлімше ашу, алты құзыреттілік орталығын құру және ЭЭГ-ті автоматты түрде түсіндіру үшін ZiyatronAI жүйесін енгізу көзделген.

Кездесу қорытындысы бойынша Марат Пашимов құзыреттілік орталықтарын дамыту, паллиативтік көмекті оңтайландыру, халықаралық ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейту, медициналық туризмді дамыту, инновацияларды енгізу және клиниканың инфрақұрылымын жаңғыртуды жалғастыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жеңілдетілген несие алуға өтінім қабылдау басталды

Новости партнеров