Алматы экономикасына 2025 жылы 2,3 трлн теңге тарту жоспарланып отыр

Биыл мегаполисте негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы - елдің шикізаттық емес секторындағы инвестициялар бойынша басты хабы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабылданып жатқан шаралардың арқасында бүгінде Алматы – шикізаттық емес сектордағы инвестициялар жөніндегі елдің басты хабы. Биылғы 11 айда Алматыда негізгі капиталға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды.

Инвестициялардың ең көп өсуі өңдеу өнеркәсібінде (2 есе, үлесі – 6,8%), білім беруде (+61,1%, үлесі – 5,3%), электрмен және жылумен жабдықтауда (+54,7%, үлесі - 3,8%), көлікте (+32,5%, үлесі – 15,6%), денсаулық сақтауда (+26,3%, үлесі-4,3%), сумен жабдықтау және су бұру (+21,0%, үлесі – 2,0%). 

"Бұл экономиканың басым салаларын дамыту үшін инвестициялар құрылымының сапалы өзгеруін растайды", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Қала экономикасының қарқынды дамуын және жергілікті бюджет кірістерінің айтарлықтай өсуін ескере отырып, 2024 жылғы 6 желтоқсанда Fitch Ratings Алматының "ВВВ+" деңгейіндегі дербес кредиттік рейтингін, "Тұрақты" болжамын растады.

"Жалпы, біз қала экономикасына 2024 жылы 2 трлн теңге және 2025 жылы 2,3 трлн теңге тартуды жоспарлап отырмыз", - деді қала басшысы.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы Алматыда қоғамдық көлікте жаңа тарифтік кесте енгізіледі

Новости партнеров